2026 жылғы 1 қыркүйекте мектебімізде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азаматты, біртұтас ұлтты және жауапты қоғамды қалыптастырудың негізі» тақырыбында Бірыңғай сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында 5–9 сынып оқушылары Конституцияның маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, адалдық, жауапкершілік, әділдік және патриотизм ұғымдары туралы пікір алмасты. Оқушылар әңгімелесуге белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды және әрқайсысы еліміздің дамуына қандай үлес қоса алатыны туралы ойланды.
Құқықтары мен міндеттерін білу оқушыларымыздың Қазақстанның лайықты азаматтары болып қалыптасуына ықпал етсін!









