Адал еңбегі үшін лайықты марапат
2026 жылы Павлодар облысы білім беру басқармасы Железин ауданы білім беру бөлімінің «Крупская жалпы негізгі білім беру мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Юмалистова Светлана Юрьевна «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Марапат білім беру жүйесіндегі адал еңбегі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан жеке үлесі, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының қызметіне белсенді қатысқаны үшін табысталды.Бұл құрметті марапат — оның кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігінің және өз ісіне деген адалдығының айқын көрінісі.Светлана Юрьевнаны лайықты марапатымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық, шабыт, жаңа кәсіби жетістіктер және балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолындағы игілікті ісіне табыс тілейміз!






