Балалардың көзқарасындағы Қазақстан — жарқыраған күн, жүйрік тұлпарлар және бейбіт аспан. Бұл көрмеде Республика күніне арналған жұмыстар ұсынылған. Қылқалам мен қарындаш арқылы балалар туған табиғатымыздың сұлулығын және тарихымызға деген мақтаныштарын жеткізді. Әр шаңырақта тыныштық орнап, еліміз гүлдене берсін!







